379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тоғыз айда 13 мыңнан астам көлік оқиғасы тіркелген

  • 236
  • UPD: 17:27, 03.12.2019
Елімізде тоғыз айда 13 мыңнан астам көлік оқиғасы тіркелген

Жалпы елімізде жол апаттары жиіледі. Соңғы 9 айдағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 13 мыңнан астам көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен  салыстырғанда 5%-ке көп. Қақтығыстардың салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза тауып, 17 мыңнан астам жолаушы жарақат алды. Ең сорақысы – мерт болғандардың арасында өрімдей балалар бар. 197 жеткіншектің тағдыры тас жолда талқандалды. Тағы 3,5 мыңға жуық баланың ауруханаға жеткізілгені мәлім.

Хабар 24 телеарнасы