425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау жылу электр орталығында болған апатты жағдай қалпына келтірілді

  • 525
  • UPD: 17:47, 03.12.2019
Атырау жылу электр орталығында болған апатты жағдай қалпына келтірілді

Атырау жылу қуат орталығында болған апатты жағдай қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында облыс электр жарығымен толықтай қамтылды. Осылайша, мұнайлы өңірді әбігерге салған 3 күндік сергелдең шешімін тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсан күні Атырау жылу қуат орталығындағы бір турбина істен шығып, электр қуаты 270 мегаваттан 140 мегаватқа төмендеді. Ол жағдай өз кезегінде Атырау қаласы мен аудандарда электр қуатына мұқтаждық туғызды. Осы кезде резервтегі Маңғыстау атом электр комбинатынан қосымша қуат алынған еді. Алайда, кеше комбинатта да апатты жағдай болып, Атырау тағы да жарықсыз қалды. Қазір жағдай қалыпты. Болған оқиғаға байланысты облыстық және республикалық комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Константин Чернохаев, электр қуатымен жабдықтаушы компанияның өңірлік филиалы директоры:

- МАЭК ТЭЦ- 2 бу қазаны істен шығып, 55 мегаватт қуат жоғалттық. Соның салдарынан тұтынушыға жіберлітен электр қуаты төмендеді. Қазір ғана Ақтаудағы диспетчермен тілдестім. Жергілікті сағат 13:00-ден бастап комбинат қалыпты жұмыс ырғағына түсті. Атырау облысына қойылған уақытша шектеу алынды.

Хабар 24 телеарнасы