423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда электр қуаты мұқтаждығын толық қанағаттандыру үшін кешенді бағдарлама керек

  • 771
  • UPD: 21:46, 03.12.2019
Атырауда электр қуаты мұқтаждығын толық қанағаттандыру үшін кешенді бағдарлама керек

Атырау жылу қуат орталығында болған апатты жағдай қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында облыс электр жарығымен толықтай қамтылды. Осылайша, мұнайлы өңірді әбігерге салған 3 күндік сергелдең шешімін тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсан күні Атырау жылу қуат орталығындағы бір турбина істен шығып, Жайық өзенінің сол жақ жағалауы жарықсыз қалған еді. Қазір осы оқиғаға қатысты облыстық және салалық комиссия құрылып, жағдайды зерделеуге кірісті.

Жылу қуат орталығында апатты жағдай салдарынан электр қуаты 270 мегаваттан 140 мегаватқа төмендеді. Бұл жағдай Атырау қаласы мен аудандарда электр қуатына мұқтаждық туғызды. Барлық электр жүйесі апаттық жүйеге көшіріліп, жарық аудандарға сағаттап беріле бастады

Айбар Рахманов, «Атыраужылуқуат» АҚ президенті:

- Электр станциясында кенеттен технологиялық ауытқушылық болып, соның салдарынан өндірілетін қуат күрт төмендеп кетті.

Осы кезде резервтегі Маңғыстау атом электр комбинатынан қосымша қуат алынған еді. Алайда, кеше мұнда да апатты жағдай болып, Атырау тағы да жарықсыз қалды. Қазір жағдай қалыпты.

Константин Чернохаев, Электр қуатымен жабдықтаушы компания филиалының директоры:

- МАЭК ТЭЦ- 2 бу қазаны істен шығып, 55 мегаватт қуат жоғалттық. Соның салдарынан тұтынушыға жіберлітен электр қуаты төмендеді. Қазір ғана Ақтаудағы диспетчермен тілдестім. Жергілікті сағат 13:00-ден бастап комбинат қалыпты жұмыс ырғағына түсті. Атырау облысына қойылған уақытша шектеу алынды  

3 күнге созылған сергелдең тек энергетиктерді ғана емес, жергілікті атқарушы билікке де ой салғандай. Қазір әкімдік қосымша қуат көздерін қарастырып жатыр. «Бұған дейін жүзеге асырылған Жылу қуат орталығын жарақтандыру бағдарламасына қосымша мұнай өндіруші компаниялармен келісім жасалады», - дейді билік басындағылар.

Мұрат Иғалиев, облыстық энергетика және түкш басқармасының басшысы:

Қарабатан бойынша да 310 мегаваттық газотрубиналық станция бар. Оның да құжаттары дайын болғанан кейін Атырау облысына оның да көмегі тиеді. Сосын инвест бағдарламамен салынып жатқан Атырау жылу орталығындағы 2 турбина. Сол екі турбина жетіспеушілікті азайтуға шешуге көмегі тиеді.

Дегенмен, бұл да мардымсыз. Атырау облысы сағатына 370 мегаватт электр қуатын тұтынады. Ал Орталықтың қуаты 270 мегаватт шамасында. Қалғаны Маңғыстау облысы мен Ресейден алынып келді. Демек, мұнайлы өңірдің электр энергиясына деген мұқтаждығын толық қанағаттандыру үшін кешенді бағдарлама керек. Қазір облыста аталған оқиғаға қатысты екі комиссия жұмыс істеп жатыр.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы