Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда биыл қыс мезгілі жылы болады

  • 195
  • UPD: 23:42, 03.12.2019
Талдықорғанда биыл қыс мезгілі жылы болады

Бүгін Талдықорғанда ауа температурасы 8 градусқа дейін жылынды. Соның салдарынан қар еріп, көшелерде кішігірім шалшықтар пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше күндік аяздан кейінгі жылымық көпшілікке көктем шыққандай әсер қалдырды. Дегенмен, синоптиктер мұндай ауа райы өңір үшін қалыпты жағдай екенін айтып отыр. Өйткені желтоқсан айындағы тәуліктік орташа температура 0-ден -14 градус аралығында болады екен. Аймақта екі күннен кейін қар аралас жауын жауады. Соған қарамастан, оңтүстіктен соққан желдің есебінен күн жылы болмақ. Тек осы айдың екінші жартысынан бастап суытады. Яғни, ауа температурасы -28 градусқа дейін жетеді. Сала мамандары «биыл қар қалың түскенімен, қыс жылы болады» деп болжам жасап отыр.

Айнұр Бәйменова, инженер-синоптик:

- Талдықорған қаласы бойынша 1989 жылы 19 градус жылы болса, 1940 жылы -40 градусқа дейін аяз болды. Қазіргі мәліметтерге сәйкес осы айдағы температура норма шамасында. Қатты суыту мен қатты жылыну байқалмайды.

Хабар 24 телеарнасы