380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жолдарға мыңдаған тонна құм мен тұз себілді

  • 255
  • UPD: 08:34, 04.12.2019

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты азаймай тұр. Тек бір ғана Самара-Шымкент бағытындағы тас жолда биылғы он айда 75 оқиға тіркеліп, 122 адам жарақат алған. Ал қаза тапқандардың саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге дейін өскен.

Республикалық маңызы бар бұл жолдың 684 шақырымы облыс аумағымен өтеді. Мамандар тас жолда жылдамдықты шектейтін ескерту белгілері қажет деп санайды. Себебі көлік апаты жазда да, қыс мезгілінде де тіркеледі. Соңғы күндердегі ауа райының қолайсыздығына орай өңірдің кейбір бағыттарына қатынау қиындаған. Сондықтан да жол күтіміне жауапты мекемелер мыңдаған тонна құм мен тұз сепкен. Бірақ көктайғаққа орай ескерту жарияланса да көлік иелерінің құлақ аспайтыны алаңдатып отыр. Сондықтан бүгінде жергілікті полиция қызметі, «Қазавтожол» және өзге кәсіпорындар бірлесе жұмыс істеуді қолға алған.

Айбол Данағұл, «Қазавтожол» ҰК АҚ АОФ директорының орынбасары:

- Автокөліктердің көбісі осы уақытқа дейін әлі қысқа дайындалмаған. Дөңгелектері қысқа ауыстырылмаған және де жол ережесін бұзу фактілері де кездеседі.  Қарсы бағытқа шығып кету, жылдамдықты арттыру фактілері кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы