378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда автобустарға арнайы жолақ бөлінді

  • 168
  • UPD: 10:39, 04.12.2019
Оралда автобустарға арнайы жолақ бөлінді

Батыс Қазақстан облысында өткізілген «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу айлығы барысында 9 мыңдай ереже бұзу дерегі тіркеліпті.

Көлікті мас күйінде тізгіндеген 120 жүргізушінің 13-нде мүлде құжат болмай шыққан. Ережені ескермеу жаяу жүргіншілер тарапынан да жиі кездесіп отыр. Қазір қала жолдарындағы қауіпті тұстар тәулік бойы полицияның бақылауына алынған. Әсіресе жарық шамдары орнатылмаған көшелер мен мектептердің маңайы ұдайы назарда болмақ. Тағы бір жаңалық  қаланың ең басты даңғылында қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ пайда болды. Жолдың бұл бөлігімен сондай-ақ такси, жедел жәрдем мен полицияның  және өзге де апаттық қызметтердің көліктері жүре алады. Айта кетерлігі, жыл басынан бері аймақта жол-көлік оқиғаларының салдарынан 90 адам ажал құшқан.

Александр Плешаков,  облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары: 

- Қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтар арнайы таңбалармен белгіленген. Сондықтан оны кез келген жерден қиып өтуге тыйым салынады. Егер жеке көлік құралдарының жүргізушілері бұл жолақпен қозғалатын болса, 3 АЕК мөлшерінде, яғни 7575 теңге айыппұл салынады. Ал 1 жылдың ішінде ережені қайталап бұзғандар үшін айыппұл көлемі 25 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Хабар 24 телеарнасы