423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жолға тәулік бойы кезекшілік қойылды

  • 658
  • UPD: 11:36, 04.12.2019

Қарағанды облысында қоғамдық көлік жүргізушілері жыл басынан бері 650 рет жол ережесін бұзып, салдарынан 5 адам қаза тапқан.

Автобус апаттарының кейбірі қалааралық жолдарда болыпты. Синоптиктер алдағы бірер күнде қар аралас жаңбыр жауып, соңы аязға ұласатынын айтып отыр. Демек, қауіп күшейеді. Осыған орай, «Қазавтожол» мекемесі жол бойына тәулік бойы кезекшілік қойды. Мамандардың айтуынша,  облыс аумағында 614 қауіпті жол учаскесі бар. Бұл жерлерде сәл жел тұрса болды ақтүтек боран соғып, жиі қар алады екен. Көктайғақ кезде жүк көліктері өте алмай қалатын қырат та көп. Сондықтан бірінші кезекте жолдың осы тұстары бақылауға алынбақ. Қазір 94 техника сақадай-сай.

Есілбек Құлмаған, «Қазавтожол» ҰК АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

- Тұз 210 тонна, 6 мың тонна құм, соның бәрін дайындап, әр ДЭУ-де, бүкіл ауданда дайын тұр. Техника да, адамдар да дайын. Күні-түні дежурствода патрулирование жасап, жолдың бәрін қадағалап жүреді. Ауа райын қарап отырамыз алдын ала. Бүгін түнге уже дайын тұрмыз. Прогноз бойынша қар жауады, жаңбыр жауады дейді. Соған уже техниканың бәрі дайын тұр, жанар майларын құйдық, адамдардың бәрі дайын.

Хабар 24 телеарнасы