410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің түрлі сала қызметкерлері АҚШ-та алғашқы көмек курстарынан өтеді

  • 374
  • UPD: 13:27, 04.12.2019

Алдағы уақытта жүрек талмасынан көз жұму көрсеткішін екі есе қысқарту көзделіп отыр.

Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі мен АҚШ-тың кардиологиялық қауымдастығы екі жақты меморандумға қол қойды. Бұдан былай елдегі әр сала қызметкерлері кезең-кезеңімен алғашқы медициналық көмек көрсету курстарынан өтеді. Мәселен, жүрек қызметінде ақауы бар азаматтардың талмасы көшеде аяқ астынан ұстап қалуы мүмкін.

«Осындай жағдайда, кез келген өткінші адам лезде алғашқы жәрдем беруге дайын болуы тиіс» дейді сала өкілдері. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бүкіл елдегі жедел жәрдем әріптестерімізді жаңа стандарттар бойынша оқытуды бастадық. Соңғы 2 жылда осы Американың Жүрек Ассоциациясымен жұмыс жасадық. Оның себебі бұл ассоциация ең белгілі халықаралық BLS деген стандартты шығарған болатын. Сонымен біздің негізгі мақсатымыз - бүкіл елімізде тек қана мед. мекеме қызметкерлері емес, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлерді, мұғалімдер жалпы әр салада жиі кездесетін мамандар осы бірінші көмек беруге мүмкіндік болу керек.

Хабар 24 телеарнасы