405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадағы апаттан жараланған екі мұнайшының жағдайы нашарлады

  • 424
  • UPD: 14:22, 04.12.2019

Облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған екі мұнайшының өмірі қыл үстінде. Соңғы сағаттарда олардың халі күрт нашарлаған. Дәрігерлер жағдайды оңалту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Еске салсақ, кеше Кеңлік кенішінен Шымкентке бет алған вахталық автобус Құмкөл-Қызылорда автожолы бойында аударылған болатын. Апат салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда 8 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы