378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндияның әуе компаниясы Алматыға рейстер ашпақ

  • 267
  • UPD: 13:41, 04.12.2019
Финляндияның әуе компаниясы Алматыға рейстер ашпақ

3 желтоқсанда қазақстандық делегация Финляндияның авиация билігімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Бұл елдің «Finnair» әуе компаниясы соңғы 3 жыл бойы Нұр-Сұлтан – Хельсинки бағытында әуе қатнасын жүргізіп келеді. Кеше өткен келіссөздер нәтижесінде аталған компания Нұр-Сұлтан қаласына жасалатын рейстер санын арттырып, Алматыға жаңа бағыт ашатын болды.

Осылайша, екі ел арасындағы рейстер саны аптасына 14-ке жеткізіледі. Атап айтқанда, енді Хельсинки – Нұр-Сұлтан және Хельсинки – Алматы бағыттарында аптасына 7 реттен ұшуға болады.

Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында іске асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы