376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бахрейнмен әуе қатынасы туралы келісімге қол жеткізілді

  • 166
  • UPD: 13:57, 04.12.2019
Бахрейнмен әуе қатынасы туралы келісімге қол жеткізілді

Қазақстандық делегация Бахрейн авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді.

Қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі бойынша Бахрейн әуе компаниялары қазақстандық әуе компаниялармен кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Бахрейн әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді. Рейстер саны күнделікті жиілікке дейін көбейген.

Сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді.

Хабар 24 телеарнасы