423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы ауылдардың ауыз сумен қамтылуы 91%-ке жетті

  • 786
  • UPD: 14:07, 04.12.2019
Алматы облысындағы ауылдардың ауыз сумен қамтылуы 91%-ке жетті

Алматы облысындағы елді мекендердің орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 91 пайызға жетті.

Бұл еліміздегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша биыл 50 жоба жүзеге асты. Соның арқасында 10 ауылға ауыз су жетті. Ал алдағы жылы тағы осындай 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Соның 14-іне республикалық, қалғанына жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінеді. Құрылыс жұмыстарының жалпы сомасы 16 млрд теңге. Ауыз су жүйесін жөндеу жұмыстары Алакөл, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарының аумағында жүргізіледі. 

Асқар Кенженов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Өңірде елді мекендерді орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосуға арналған 60 шақты жоба бар. Президенттің тапсырмасы бойынша біз 2023 жылға дейін 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізуіміз керек. Соған сәйкес, арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, жобалық-сметалық құжаттамалары жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы