418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отырарда еліміздегі ең алғашқы сапар орталығы ашылды

  • 2137
  • UPD: 14:14, 04.12.2019
Отырарда еліміздегі ең алғашқы сапар орталығы ашылды

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында салынған «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» жанындағы Сапар орталығы Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шет елдерде насихаттау, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Айта кетейік, ғимараттың астыңғы қабатында қор-сақтау бөлмелері мен реставрациялық жұмыстар және көрмелік конструкцияларды жасайтын шеберханалар орналасқан. Қор сақтау қоймалары арнайы музейлік стеллаждар, шкафтар, ал барлық шеберханалар мамандырылған реставрациялық қондырғылар мен жиһазбен жабдықталған.

Елдос Рамазанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Қасиетті Отырар жеріндегі сапар орталығы – киелі жерлерге келетін туристердің санын арттыруға, ескерткішті қорғау және дамыту және насихаттау ісіне үлес қосады. Сапар орталығы бұл мәдени туризм орталығына айналуы тиіс. Мақсатымыз – Отырар қорық музейінің аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұраны қорғау, туризм саласына сай орталық жасау.

Хабар 24 телеарнасы