420,07 490,30 5.68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 4 мың адам кәсіпкерлік негіздерін үйренді

  • 400
БҚО-да 4 мың адам кәсіпкерлік негіздерін үйренді

Батыс Қазақстан облысында «Бастау Бизнес» жобасы аясында биылдыққа соңғы лекті оқыту курстары аяқталды.

Өңірде 779 болашақ кәсіпкерге сертификаттар табыс етілді. Аталған бағдарламаға қатысып, өз кәсібімді ашсам дегендердің қатары жыл санап артып келеді. Егер өткен жылы 2 мың 149 тұрғын кәсіпкерлік негіздеріне үйренсе, биыл 4 мың адам аталған курстарға қатысқан. 20 күн ішінде жұмыссыздар мен көпбалалы аналар іскерлік әліппесін танып, бизнес-жоспар жасау мен қаржылық құжаттар әзірлеудің қыр-сырына қанығады. Арнайы сертификат алған соң қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді. Көбінесе өз ісін ашпақ болғандар мал бағу мен құс өсіру және қызмет көрсету саласын таңдайды екен. 

Дана Ғұбайдуллина, курсқа қатысушы:

- Бұл көп балалы аналарға бұрын мүлдем үйден шықпаған, баланы асырап-өсіріп, үйден шықпай дым да білмей отырған әйелдерге, көп балалы әйелдерге нақты да мықты қадам. «Бастау бизнесте» оқығанда ИП аштым. Бұрын салықтан қорқатын едік. Осы сертификат нақты қорқыныш сезімімді кетірді. Осы венециялық штукатурка жұмыс қадамымды жасаймын.

Бақдәулет Ибрагимов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры:

- Қарапайым заттар экономикасы - ол «Бизнестің жол картасы-2020», ол «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы. Осы бағдарламалар арқылы өз ісін бастауға, толыққанды мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Өздеріңіз көріп тұрғандай 70-80% жастар. Бұл өте қуантатын жайт. Өйткені жастар өз ісін ашуға, өз ісін дөңгелетуге ынталары өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы