412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғындардың Тұрғымбаевқа шағымынан кейін бірқатар іс қайта қаралатын болды

  • 389
  • UPD: 15:27, 04.12.2019

Қылмыстық істерді тергеудегі қателіктер, полицияның тиісті шара қолданбауы, қызмет сапасының төмендігі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа тікелей шағымданған тұрғындардың көбі осындай мәселелер көтерді. Нұр-Сұлтан қалалық «Нұр Отан» партиясында өткен қоғамдық қабылдауға еліміздің барлық өңірі онлайн режимде қосылды. Елордадан шалғайдағы облыс тұрғындары министрмен тілдесіп, талап-тілектерін айтты. Бас полицей біраз мәселені жеке бақылауына алатын болды. Шымкенттен әдейілеп келген тұрғын өзінің біреулерден қысым көріп жүргенін айтса, Маңғыстаудың тұрғыны алаяққа алданғанын жеткізді. Қай-қай істе де жергілікті полиция қызметіндегі салғырттық айтылды. Министр бірнеше өңірдің полиция департаментінің басшыларына нақты тапсырма беріп, жұмыстарына сын айтты. Мысалы, бірнеше адамды алдап, алаяқтық жолмен ақша тапқан әйелдің үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылып қалған. Тұрғындардың министрге шағымынан кейін іс қайта көтерілетін болды. 

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қазір тергеуді бақылау  департаментіне өтінішпен шығып, қылмыстық істі тоқтату жөніндегі шешімді бұзып, істі сотқа жолдау туралы өтініш жазасыз. Іс соттың ашық отырысында қаралып, сот қана соңғы шешім шығарсын. Кімдікі дұрыс, кімдікі дұрыс еместігін сот шешеді. Сіздер өздеріңе ондай жауапкершілік алмаңыздыр.

Хабар 24 телеарнасы