376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде көктайғақтан 13 адам дәрігер көмегіне жүгінген

  • 170
  • UPD: 15:15, 04.12.2019
Ақтөбеде көктайғақтан 13 адам дәрігер көмегіне жүгінген

Ауа райының қолайсыздығы кейбір аймақтарда көліктер түгілі, жаяу жүргіншілерге де кері әсерін тигізуде.

Мәселен, Ақтөбе облысында көктайғақтың салдарынан 13 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Оның алтауы бала. Барлығына да шұғыл түрде ем көрсетілген. Бұл соңғы үш тәулікте тіркелген жағдай. Жалпы, көктайғақтың алдын алу үшін қала мен облыс жолдарына тұз және құм себіліп келеді. Жолға жауапты ұлттық компанияның базаларында 10 мың тоннаға жуық инертті материалдар жиналған. Ал аязды күнде үсік шалған немесе көктайғақтан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 4 бірдей ауданаралық аурухана қабылдауға дайын.

Бақытжан Түлкібаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Жалпы травматологиялық қызмет бойынша бізде облыс бойынша 274 койка арналған. Күні-түні көмек көрсетуге бізде үш травматологиялық пункт бар. Бізде бұл көмек бойынша дәрі-дәрмекпен 100 пайыз қамтылған деп айтуға болады. Себебі бұл тез көмек көрсетілуі керек қой. Сондықтан да мамандар да дайын, дәрілер де дайын.

Хабар 24 телеарнасы