428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балаларды тегін шаңғы тебу үйрететін курсқа қабылдауда

  • 590
  • UPD: 15:16, 04.12.2019
Алматыда балаларды тегін шаңғы тебу үйрететін курсқа қабылдауда

«Алматы спорты» әлеуметтік жобасының аясында 10 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға шаңғы тебуге тегін жаттықтыруға қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлады /Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Үйрету курсы 2 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін өтеді.

Сабақ 60 минуттан екі ауысымда өтеді: бірінші ауысым 8:00-ден бастап, екіншісі 14:00-ден бастап. Тау шаңғысы курорты және жабдықтармен (шаңғы, таяқшалар, етік, шлем) ұйымдастырушылардың өздері қамтамасыз етеді.

Almatysporty.kz сайтында немесе Бөгенбай батыр көшесі, 66, сондай-ақ info@arnage.kz электронды пошта арқылы және WhatsApp +7 (707) 245 7255 нөмірі арқылы тіркелуге болады.

Құжаттар тізімі:

  1. Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі, баланың туу туралы куәлігі (2 данадан);
  2. Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы құжаттар болса (көпбалалы, аз қамтылған);
  3. Нақты тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны;
  4. Баланың мектепте қай ауысымда оқитынын көрсету.
Хабар 24 телеарнасы