420,89 498,75 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Documentolog ұйымдастырған жиында қағазбастылықтан арылу мәселесі талқыланды

  • 687
  • UPD: 15:31, 04.12.2019

Еліміз бірте-бірте қағазбастылықтан арылып келеді. Бұл жөнінде елордада өтіп жатқан технологиялық конференцияда айтылды. Documentolog компаниясы ұйымдастырған жиында саладағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жаңа үрдістер мен бастамалар таныстырылды.

Documentolog компаниясы осымен екінші жыл қатарынан саладағы мамандардың басын қосып, ауқымды технологиялық конференция ұйымдастырып жатыр. Биылғы жиынға 300-ден аса адам жиналған. Ал жиынға катыса алмағандар үшін онлайн трансляция корсетілді. 

Байжан Қанафин, Documentolog компаниясының бас директоры:

- Қазір бүкіл әлем қағазбастылықтан арылуға тырысып жатыр. Оның ішінде біздің елдегі белсенділік те жоғары. Мәселен, Documentolog қызметіне күнделікті 10-12 компания қосылады. Осыған байланысты ауқымды жиын өткізіп, қызметкерлеріміз бен тұтынушылардың басын бір жерге қосып отырмыз. 

Documentolog компаниясы өз қызметін 2017 жылы бастаған болатын. Содан бері 7 мың кәсіпорын оның бағдарламаларына қосылып үлгерді. Бұл ұлттық холдингтер, түрлі саладағы мемлекеттік және жеке меншік компаниялар.

Ақмарал Найзабекова, «Қазпошта» АҚ Персонал және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры:

- Documentolog бағдарламасына бір жарым жыл бұрын қосылып ек. Содан бері миллионнан аса парақты үнемдедік деуге болады. Яғни біздің компаниядағы 23 мың адамның құжат айналымы осы жүйе арқылы жүреді. Бұған қоса ол уақытты үнемдеп, тиімді және ашық жұмыс жасауға мұмкіндік береді. 

Өткен жылы Documentolog Қазақстанның ең үздік IT-компаниясы атағына ие болған еді. Қазір компания AI.sulu атты жаңа үлгідегі интеллектуалды көмекшіні және халықаралық электронды құжат айналымы жүйесін шығарумен айналысып жатыр. Жаңа өнімдер елордадағы конференция барысында көпшілікке таныстырылды. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы