430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алматыметроқұрылыстың» топ менеджері қайта қамауға алынды

  • 690
  • UPD: 23:49, 04.12.2019

«Алматыметроқұрылыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов қайта қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның кепілмен босатылуына байланысты прокуратура өтінішін қараған Алматы қалалық соты бүгін осындай үкім шығарды. Естеріңізге сала кетейік құрылыс компаниясының топ-менеджері аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталуда. Өткен аптада Қайрат Реимов тергеу уақытында бостандықта жүруі үшін 25 миллион теңге кепілзат төлеген болатын. Бірінші желтоқсанда ол изолятордан шыққан еді. Бірақ бүгін прокуратура соттың бұл шешіміне наразылық білдіріп, оны қайта қамау туралы өтініш жасаған. Сот мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандырды.

Жанболат Батыров, қалалық соттың судьясы:

– Күдікті Реимовке қатысты кепілзат көлемі 25 миллион теңге болсын деген шешімнің күші жойылсын. Қаулы заңды күшіне бірден енеді және бұл соңғы шешім болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы