425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды аспанындағы қою түтін тұрғындарды алаңдатып отыр

  • 726
  • UPD: 09:00, 05.12.2019
Қарағанды аспанындағы қою түтін тұрғындарды алаңдатып отыр

Қарағанды қаласы да атмосферасы лас қалалардың қатарында. «Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өндіріс ошақтарында 50 рет атмосфераның ластануы тіркеліп, тиісті мөлшерден 10 есе көп көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Қарағандыда атмосфералық ауаны бақылайтын 7 стационарлық бекет бар. Жедел ақпараттар бірден осы бекеттерге түседі. Өз кезегінде эколог мамандар ластанған аймақтарға шығып, өлшеу шараларын жүргізеді. Олардың айтуынша, жылу маусымының басынан жоғары көлемдегі ластану тіркелмеген. Дегенмен, қалада желсіз күндері түтіннің пайда болуы тұрғындарды алаңдатып отыр. Экологтар бұл түтіннің жеке секторлардағы пештерден шығатынын мәлімдеді.

Лариса Левченко, Экология департаментінің бөлім басшысы:

- Қыстың желсіз тымық күндері түтін, әсіресе, пеш жағатын жеке секторларда байқалады. Яғни, ол тарқамайды. Біз таңертеңгілік және кешкілік уақыттарда өлшеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Осы тексерістердің нәтижесінде түтін жеке секторларда тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы