376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның шалғай ауылдарында 24 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

  • 153
  • UPD: 10:29, 05.12.2019

Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарында 24 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 12 пәтерлі үйдің бірі аудан орталығында салынса, дәл осындай тағы бір үй Жалпақтал ауылынан бой көтерді. Қос үйдің құрылысына қазынадан 218 миллион теңге жұмсалыпты. Жаңа қонысқа ие болғандардың дені көп балалы отбасылар.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні аудан бойынша 325 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда 12 пәтерлік осындай тағы 3 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Дәурен Елшібаев, Жалпақтал ауылының тұрғыны:

- 2 бөлмелі, ас бөлмесімен үшеу. Суы, газы бәрі кіріп тұр. Көп-көп рахмет. Бұрын Сатыбалды ауылында жалдап тұрдым. Жұмыста қалада болдым, пәтер жалдап тұрып, жарты табысым пәтер ақысына кететін еді. Қазір қонысты болып жатқаныма қуаныштымын.

Нұржан Еслямов, аудандық ТКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Болашақта осындай үйлер жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Қазталовта осындай 12 пәтерлі 2 үй, Жалпақталда 12 пәтерлік тағы бір үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзір. Енді болашақта қаражат бөлінсе, оларға да салынып, осы кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы