414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚМ штаб батальоны командиріне пара алғаны үшін айыппұл салынды

  • 438
  • UPD: 10:52, 05.12.2019
ҚМ штаб батальоны командиріне пара алғаны үшін айыппұл салынды

ҚР Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады Тengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Қорғаныс министрлігінің «61993 әскери бөлімі» РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алғаны үшін бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.С.Қойбақов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Хабар 24 телеарнасы