380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мемлекеттік грант иегерлері атанған 257 азамат кәсіп аша бастады

  • 217
  • UPD: 13:47, 05.12.2019
Ақтөбеде мемлекеттік грант иегерлері атанған 257 азамат кәсіп аша бастады

Бизнес негіздерін тегін меңгерген олар бүгінде өнім өндіру және қызмет көрсету салаларында өз жобаларын іске асыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы «Еңбек» бағдарламасы аясында арнайы курстан өткендердің саны мыңға жуықтаған. Бірақ гранттар байқауында 257 адам ғана жеңіске жеткен. Оның басым бөлігіне 505 мың теңгеден қайтарымсыз қаржы берілді. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, олардың кәсібі бір жылға дейін бақылауда болады. Себебі, грант есебінде берілген қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Сондықтан оның тиімді жұмсалуы басты назарда.

Әсем Медетова, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

- Жүк тасымалына алып жатыр, әсемдік салонын ашып жатыр, көбінесе азық-түлік дүкенін жалға алу жағын қарастырып жатыр. Төрт көп балалы ана тігін саласында бар және бұл қайтарымсыз гранттың ең бір қолайлысы, бұған төрт топқа жататын яғни, аз қамтылған отбасындағы аналар, көп балалы аналар, үшінші топ мүмкіндігі шектеулі жандар және 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Хабар 24 телеарнасы