419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы ашылды

  • 774
  • UPD: 13:54, 05.12.2019
Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы ашылды

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар жол азабын тартып, өзге қалаларға сабылмай, жақын маңнан ем ала алады. Бұл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан бастама. Сәтбаев қаласында қазіргі күні гемодиализді қажет ететін 35 тұрғын бар. Диализ залы толықтай озық медициналық қондырғылармен жабдықталған. Бірден 50 науқасқа қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұл осымен облыста ашылған сегізінші орталық. Бүгінде Қарағанды облысында 149 диализ аппараты жұмыс істесе, 600-ге жуық науқас ем алуда. Ал, келесі жылы өзге қала, аудандарда тағы 3 диализ орталығын ашу жоспарланып отыр.

Кенжегүл Садықова, қала тұрғыны:

- Жезқазған қаласына барып ем алып, қиналып жүрдік. Ендігі кезекте өзімізде, Сәтбаев қаласында орталықтың ашылуы бізді қуантып отыр. Аптасына үш рет төрт сағаттан ем аламыз. Дәрігерлері жақсы қызмет етеді. Мұндағы жабдықтың бәрі жаңа әрі сапалы ем жүргізеді.

Амантұр Рысқұлов, Гемодиализ орталығының директоры:

Мемлекет бізге арнайы орын берді. 9 аппарат орнатылып, 150 миллион теңгеге жуық қаражат игерілді. Халықтың сұранысы бойынша ашылып отыр. Республикада 28 филиал болса, амбулаторлық бұл орталық барлық талапқа сай.

Хабар 24 телеарнасы