425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сириядан қайтарылған 14 қазақстандық сот алдында соңғы сөзін айтты

  • 666
  • UPD: 15:17, 05.12.2019
Сириядан қайтарылған 14 қазақстандық сот алдында соңғы сөзін айтты

Барлығы лаңкестердің арбауына еріп, алдауға сенгенін, сөйтіп үлкен қателік жібергенін мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Істегендеріне өкініш білдірді. «Абақтыға қамалсақ та өз еліміздің түрмесінде, туған топырағымызда жазамызды өтейміз», деп оқ пен оттың арасынан алып шыққан мемлекетке ризашылығын білдірді. Ата-ана, туған-туыс бауырларынан көздеріне жас алып тұрып кешірім сұрады.

Естеріңізде болса, Шам елінде жүрген отандастарымыз «Жусан» арнайы операциясының аясында елге әкелінді. Оларға «лаңкестік ұйымның құрамында болып, экстремизмді насихаттады және өзге де ауыр қылмыстар жасады» деген айыптар тағылды. Прокурор 14 адамның жасаған қылмыстарына байланысты 10 жыл мен 17 жыл аралығында бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот үкімі енді шығады.

Хабар 24 телеарнасы