419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пара алған астаналық қызметкерге 26 млн теңге айыппұл салынды

  • 709
  • UPD: 15:51, 05.12.2019
Пара алған астаналық қызметкерге 26 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қалалық Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы пара алды деген күдікпен айыпталды, деп хабарлады Елорда Инфо ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ірі габаритті тасымалдау субектілеріне жалпы қамқорлық жасау үшін олардан жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің бас маманы С.С.Айдаркеновке қатысты тергеуді аяқтады. Осы жылдың 3 желтоқсанында №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен C.С.Айдаркенов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен қатар, 26 млн 250 мың теңге айыппұл салынды», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы