424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда такси көлігі басып кеткен жасөспірім есін жиды

  • 1076
  • UPD: 16:17, 05.12.2019
Нұр-Сұлтанда такси көлігі басып кеткен жасөспірім есін жиды

Дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласында такси көлігін ұрлаған күдікті қағып кеткен 14 жастағы баланың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Жағдайы тұрақты ауыр, бірақ жақсарып келеді. Оның қаңқа, бас сүйектері сынған. Қазір есіне жиды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық  денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салсақ, 3 желтоқсанда таңғы 6 шамасында мас ер адам такси жүргізушісін ұрып-соғып, автокөлігін айдап кеткен. Одан кейін сағат 6:58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінің бойында жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды.

Хабар 24 телеарнасы