424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ірі халықаралық компанияларда жұмыс істейтін отандастарымыз өз тәжірибесімен бөлісті

  • 484
  • UPD: 18:49, 05.12.2019
Ірі халықаралық компанияларда жұмыс істейтін отандастарымыз өз тәжірибесімен бөлісті

Франциядағы Қазақстан жастарының қауымдастығы елшілігіміздің қолдауымен экспаттар конференциясын ұйымдастырды.

Шара барысында ірі халықаралық компанияларда жұмыс істейтін отандастарымыз студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті. Ұйымдастырушылар кездесуге Гугл мен Алстом компанияларында жұмыс істейтін инженерлер Нәзерке Қалидолда мен Рустем Абдрахмановты, сондай-ақ Альянс дүниежүзілік сақтандыру холдингінде цифрлық жобаларды басқаратын Аревик Овсепянды шақырды. Болашақ мамандар мен мансабында табысқа жеткен жерлестердің өзара тілдесулері қызық әрі пайдалы болды. «Жан-Дарым» қауымдастығы осындай басқосуларды тұрақты түрде өткізуге уағдаласты. 

Рүстем Әбдірахманов, Alstom компаниясының гибрид жүйелерінің инженері:

- Мен Қарағандыдағы қарапайым отбасынан шыққанмын. Осында келіп, бәрін жаңадан бастауға тура келді. Мені осында шақырғанына өте ризамын. Жастарға айтқым келгені, бәріне қол жеткізуге болады, армандау керек, өмірдегі өз орныңды білу қажет.

Хабар 24 телеарнасы