381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында есірткімен айналысқан 4 адам ұсталды

  • 238
  • UPD: 17:23, 05.12.2019
Ақмола облысында есірткімен айналысқан 4 адам ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Нұр-Сұлтан қаласынан «PVP» синтетикалық есірткісін жеткізудің өңірлік арнасын ұйымдастырған топты ұстады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

«2019 жылғы 6 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам «PVP» (пиролидиновалерофенон) синтетикалық есірткісі, алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы алынды», - делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті осы фактіні ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша СТБТ-ға тіркеді. Ұсталған адамдар Көкшетау қаласы ПБ УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы