378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы педиатрия орталығында смарт-класс ашылды

  • 207
  • UPD: 18:07, 05.12.2019

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында екінші «Smart School» оқу сыныбы ашылды.

Инновациялық оқу сыныбы онкологиялық дертке, сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларға арналған. Мұнда емделу ұзақ уақытты талап ететіндіктен науқастар жылдап жатады. Енді олар емін үзбей, білімдерін  одан әрі жетілдіре алады. 

Гүлнәр Бұлабаева, ПБХҒО онкогемотология бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл ерекше мектеп. Неге десеңіз біздің науқас балалар онкология гемотологиямен ауыратын балалар ем алумен қатар бірге мектеп бағдарламасын өтеді. Және де қосымша сабақтар ол робототехника, сурет салу ағылшын оқу және басқа дамитын мектеп қабырғасында өтетін болады. 

Смарт сынып үш кабинеттен тұрады. Заманауи құралдармен жабдықталған оқу сыныбында балалар мектеп бағдарламасымен қатар, шығармашылық жұмыстармен де айналыса алады. Сондай-ақ бұл сыныпта музыка мен ертегілердің көмегімен емдеу сеанстары өткізіледі. Барлық сабақтар мен үйірмелер тегін. 

Әнуар Жүсіпов, робототехника маманы:

- Бұл жердің балаларға ұнайтынын олардың жүзінен-ақ байқауға болады. Күрделі химиялық ем олардың көңіл күйлеріне әсер етеді. Емнен соң оқу сыныбына келіп, шығармашылықпен айналысқан балалардың қуанғанын көрсеңіз. Бұл сыныптың балалардың денсаулығы үшін пайдасы зор. 

Смарт сынып қоғамдық қордың қолдауымен ашылған. Алдағы уақытта ата-аналар үшін психологиялық қолдау курстарын  ұйымдастыру жоспарланп отыр.

Авторы: Гүлжан Көленқызы

Хабар 24 телеарнасы