376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында дәрігерлерге арналған 350 үй тұрғызылады

  • 167
  • UPD: 20:49, 05.12.2019
Қостанай облысында дәрігерлерге арналған 350 үй тұрғызылады

Қостанай облысында дәрігерлерге арналған 350 пәтер салынбақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

Мұхамбетовтің айтуынша, бұл дәрігерлер тапшылығымен күресудің бір жолы. Бұған қоса аймақта медбикелер де жетіспейді. Мәселені шешу үшін, әкімдік колледждерде жатақханалар саулға кіріскен. Сондай-ақ, Рудный қаласында Қостанай медициналық колледжінің филиалын ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, салада мамандар жетіспейтіндіктен жыл сайын облысқа өзге өңірлерден дәрігерлер тартылуда.  

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

- Бізге Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Нұр-Сұлтан қалалары мен көрші Ресейден дәрігерлер келеді. Біз оларға тұрғын үй беріп, көмек көрсетеміз. Бүгінде шамамен 255 дәрігерді өңірге тарттық. Дегенмен, әлі де 250-270 дәрігер жетіспейді. Бір-екі айдан кейін зейнетке шығатын дәрігерлер бар болғандықтан, бұл процесті тоқтату мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы