412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көпір салған жұмысшылар 1 жылдан бері жалақысын ала алмай жүр

  • 479
  • UPD: 23:35, 05.12.2019

Алматыда ондаған жұмысшы наразылық шарасына шықты. Олар  бір жыл бойы өздері жұмыс істеген серіктестіктен заңды жалақыларын ала алмай жүр. Ал  компания басшылығы әне-міне береміз деп, халықты уәдемен алдап келеді.

Сәрсенғазы Ерікбаев жарты жыл бойы оған қарыз компаниядан ақшасын даулап келеді. Көпір құрылысында 6 ай уақыт жұмыс істегені жөнінде тиісті құжаттары бар.

Сәрсенғазы Ерікбаев, жұмысшы:

- Істеген қағазым да бар міне. Міне үш айдың зарплатасының списогі.

 – Қанша қарыз сізге олар?

–Маған 100 мың қарыз. 

–Сонда қанша уақыт тегін істедіңіз сіз?

-Мен 3 ай істедім ғой.

Мұхит Барманқұлов, жұмысшы:

- Бәрімізде бар кредит. Оны немен төлейміз. Ақша күтеміз. Ақша әне-мәне деп әлі жоқ. Ертең, бүгін, келесі айда деп міне 1 жылға түсіріп тастады.

Компания басшылығы бұл жұмысшыларға күзде қарыздарын өтейміз деп уәде берген. Бірақ бүгін-ертең деп, әлі күнге көк тиын да төлемепті. Олармен кездесуден қашады. Серіктестіктің Алматы мен Алматы облысында құрылыс нысандары бар. Мысалы, Алматыдағы Рысқұлов көшесінде салынып жатқан жол айрығының құрылысы тоқтап тұр.

Бекболат Беделов, жұмысшы:

- Мына көпір Рысқұлова-Петровадағы тоқтап қалды ғой. Осы көпірді неге тоқтап тұрғанын, жұмысшылардың неге істемей жатқанын, жалақысының ала-алмай жатыр. Соны Сағынтаев мырзаның құлағына жеткізу керек. Үкімет осыған кішкене қарап тексеріп барлығын , кім жұмыс істемей жатыр. Зарплат алмағандарға бергізіп, фирманы вообще жауып тастау керек.Басқа фирмаға беру керек жұмысты.

Жұмысшылардың арыз-шағымдары бойынша Алматы облыстық прокуратурасы арнайы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, компанияның қызметкерлер алдында 142 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталды. 

Жандос Надырханов, қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Үш айдан әрі қарай егер жұмысшылардың еңбекақысын өзінің жеке басына пайдаланған дәлелденсе онда оған Қылмыстық іс қозғауға да болады 152 бап бойынша Қылмыстық кодекстің. Ал біздің қарастыратынымыз Әкімшілік кодекс бойынша 87 бап. Ол жерде айыппұл қарастырылған жұмыс берушіге.

Ал компания басшылығынан сұхбат алу мүмкін болмады. Кеңселеріне тығылып алып, есікті ашпайды. Көпір құрылысына маманданған бұл компания жалпы 400-ден астам жұмысшының жалақысын толық бермеген. Шыдамы таусылған халық бұл мәселеде әділдік орнамайынша назарылық шарасын жалғастыра бермек.

Авторлары: Алмас Садуақас, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы