375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

  • 226
  • UPD: 22:56, 05.12.2019
Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Қазақстан өткен жылдарда заң шығаруды сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейге шығарды. Дегенмен, аталмыш процес үнемі жетілдіруді талап етеді.

Бұл туралы Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтылды. Жиын Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың төрағалымен өтті.  Жоғарғы палата депутаттарының пікірінше, Кеңестің жұмысы заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді. Отырыста Кеңес төрағасының орынбасары болып, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков тағайындалды, ал хатшылықты Парламент Сенатыа аппараты басшысының орынбасары Марат Уақпаев атқаратын болды. 

Владимир Волков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Заң халыққа бірдей жазылады. Заң біздің қоғамымыздың айнасы десек те болады. Оның алдында бәріміз бірдейміз. Заң мықты болған сайын халықтың әл -ауқаты да, жауапкершілігі де артады. Тұрғындарымыз да ыңғайлы ортада сүреді. Сондықтан заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңес өте қажет. Оның құрамына Сенат депутаттары, бірқатар министрліктер ен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, белгілі құқықтанушы ғалымдар кірді.

Хабар 24 телеарнасы