429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде қалалық мәслихат депутатын әріптестері үлгі тұтады

  • 571
  • UPD: 12:12, 06.12.2019
Өскеменде қалалық мәслихат депутатын әріптестері үлгі тұтады

Өскемен қаласындағы әрбір саладағы проблеманы Майраш Екібасовадан артық білетін адам кемде-кем, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кейінгі 15-20 жылда қалалық мәслихатқа үздіксіз депутат болып келеді. Шаһардағы қордаланған кейбір  проблемалар түпкілікті шешілгенше жіті қадағалайды. Ал өзі сайланған  аумақта ай  сайын  тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізеді. Тіпті әрбір  сайлаушыны  таниды.  Кейінгі бірнеше жылда қатты науқастанып жүрсе де өз міндетін ұмытқан емес.  Қазір де ауруханада  емделіп жатыр. Майраш Шайзаддинқызының бастамасымен қалада бірнеше саябақ салынып, жолдар жөнделіп, жарық жүйлері тартылды. Әсіресе  қаланың шеткі  шағын аудандарын көркейту үшін  қаржы бөлуде өз пікірін табандылықпен дәлелдейді. Сондықтан да әріптестері ерекше құрмет тұтады.

Рустам Шайырғазин, қалалық № 8 өзін өзі басқару комитетінің төрағасы:

– Майраш Шайзаддинқызының табандылығы арқасында  бізге мынадай әдемі саябақ салынды. Балалар ойын алаңы мен воркаут  орнатылды. Тек былтырдың өзінде 47 баған орнатылып, 42 үлкен жарық шам қойылды.  Нәтижесінде бұл саябақ түнде жарқырап тұрады.

Хабар 24 телеарнасы