376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қағаз қаптамалар жасайтын кәсіпорын ашылмақ

  • 214
  • UPD: 12:10, 06.12.2019
Оралда қағаз қаптамалар жасайтын кәсіпорын ашылмақ

Оралда түрік кәсіпкерлері қатты қағаздан, яғни гофрокартоннан қаптамалар жасайтын кәсіпорын ашпақ ниетте, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, аймақта өнімнің бұл түріне зәру тауар өндіруші кәсіпорындар өте көп. Бірақ қағаз қаптамаларын шығаратын бірде-бір зауыт жоқ. Сондықтан, олар қазір мұндай өнімді өзге елдерден импорттауға мәжбүр. Ал осы салада мол тәжірибе жинаған түрік компаниясы жылына 150 мың тоннадай қаптаманы әлем елдеріне экспорттайды екен. «Инвестициялық жобаны Батыс Қазақстан облысының аумағында жүзеге асыруға барлық жағдай бар. Экономикалық жағынан тиімді, логистика талапқа сай», – дейді түрік кәсіпкерлері. Ал қанша жаңа жұмыс орны ашылатыны жобаның өндірістік қуатының көлеміне байланысты болмақ. 

Иса Доганлы, компанияның бас директоры:

– Біз – Түркиядағы гофрокартон шығаратын белді компанияның өкіліміз. Бұған дейін Қазақстан нарығын әбден зерттеп, осы өнімді жасауға қабілетті технологиялық жабдықтардың аса қажет екеніне көз жеткіздік. Алдағы 5 жылда сіздің елге 40 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды көздеп отырмыз. 

Мұхтар Манкеев, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

– 5 жылда біріншіден, біз әрине бәрібір ол  қағаздарды шығара алмаймыз. Сол қаптаманы бастау үшін олар Түркиядан алып келеді. Бірақ біртіндеп кезең-кезеңімен бүкіл қағазды осы жерде шығаруға болады. Сондықтан, ол жобаны біз инвестициялық, стратегиялық жоба ретінде қарастырып отырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы