380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда салығы төленбеген көліктер айып тұрағына қойылып жатыр

  • 202
  • UPD: 11:32, 06.12.2019
Алматыда салығы төленбеген көліктер айып тұрағына қойылып жатыр

Алматы полициясы көлік салығын төлемеген жүргізушілердің мүлкін тәркілеп, айып тұрағына қою шарасын жалғастырып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция «Борышкер» жедел профилактикалық акциясын бастады. Бұл акцияның мақсаты – әкімшілік істер бойынша заңбұзушылықтың алдын алу, қордаланған айыппұл мен салықты өндіру.

«Полиция қызметкерлері прокуратура мамандарымен бірге «ПОТОК-М» мобильді кешенін қолдана отырып, әкімшілік айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтай бастады. Алгоритм бойынша бұл көлік иесінен тәркіленіп алынып, айып тұрағына қойылады. Тек көлік иесі айыппұлдан құтылған жағдайда ғана көліктер қайтарылады», - деді полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Хабар 24 телеарнасы