419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері ТҚЖБ 45 мың салымшысы баспаналы болды

  • 736
  • UPD: 12:17, 06.12.2019
Жыл басынан бері ТҚЖБ 45 мың салымшысы баспаналы болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2019 жылдың 11 айы ішінде қазақстандықтар 352 137 жаңа депозит ашқан.

Бұл туралы Елорда Инфо аталған банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгінде еліміздің 1,5 миллион тұрғыны депозиттерде шамамен 750 млрд теңге жинады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары жинаған қаражатқа банк сыйақысымен қоса, жыл сайын мемлекет сыйлықақысы қосылып тұрады. Мемлекет тарапынан төленетін сыйлықақы мөлшері 20%-ды құрайды. Ол 200 айлық есептік көрсеткішке тең (2019 жылы 200 айлық есептік көрсеткіш 505 000 теңге) депозит сомасына төленеді.

«Салымшылар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қаражат жинақтай отырып, болашақ баспанасын сатып алу үшін несиені жылдық 2%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен ала алады. Биыл тиімді шарттар бойынша тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 45 464 клиенті пайдаланды», - деп көрсетті баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда, олар 479,3 млрд теңге сомасына несие алды. Займның 35,6%-ы банк салымшыларына пәтерді жаңа үйлерден, ал 60,2%-ы қолданыстағы үйлерден сатып алу үшін берілді.

Хабар 24 телеарнасы