423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО мектептерінде бейнебақылау камералары жетіспейді

  • 730
  • UPD: 13:53, 06.12.2019
ШҚО мектептерінде бейнебақылау камералары жетіспейді

Шығыс Қазақстан облысындағы орта мектептерде бейнебақылау камералары жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының кесірінен білім ошақтарындағы қауіпсіздік шаралары тиісті дәрежеде сақталмайды. Кейбір мектептерде оқушылар мен қызметкерлерді кәсіби деңгейде қорғайтын күзет қызметі бар. Бірақ бұған қосымша қаржы шығып отыр. Сондықтан облыстағы білім саласы мен полиция қызметкерлері осы мәселені шешу жолдары мен оқушылардың қауіпсіздігін талқылады.  Қазір  аймақтағы 650 мектепте 8 мыңнан аса камера орнатылған. Бірақ бұл әлі де аз.  Әрбір оқу орнында орнатылған камераларға жазылған фото-видеолар сол ғимараттың өзіндегі серверлік орталықта жиналып, сақталады. Кез келген жазбаны қажет болғанда  көруге болады. Енді бұған дейін орнатылатын бейнебақылау камераларының бірыңғай стандартын бекітіп,  қараңғы уақытта да таспаға сапалы түсіретіндерін қою жағы қарастырылып жатыр. Бұл мектепте болатын келеңсіздіктер мен оқыс жағдайларды анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді.

Әйгерім Сарбаева, облыстық ПД аға инспекторы:

– Болашақта қаралатын негізгі мәселе – білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау жүйесін  жергілікті жедел басқару орталығына қосу. Яғни, кез келген уақытта полиция қызметкерлері кез келген мектептегі болған жағдайды бейнебақылау жүйесі арқылы бақылап қарап отырады.

Хабар 24 телеарнасы