375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда әкімшілік айыппұл төлемеген 20 борышкер қамалды

  • 258
Оралда әкімшілік айыппұл төлемеген 20 борышкер қамалды

Орал қаласында әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүрген тұрғындарға қатаң шаралар қолданыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда соттың шешімімен 3 борышкер 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін қамалды. Ал жалпы жыл басынан бері қордаланған қарызы үшін 20 тұрғын қысқа мерзімге бас бостандығынан айрылған. Әкімшілік айыппұлдарға қоса қылмыстық істерге қатысты төленбей жүрген процессуальды шығындардың  жалпы көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Күні бүгін 30 мыңнан аса атқару парағы орындалмай отыр. Осы орайда сот орындаушылар борышкерлердің тұрғылықты мекенжайына барып, айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал оған құлақ аспағандарға мәжбүрлеу шаралары қолға алынбақ.

Жаңылдық Рамазанова, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының сот орындаушысы:

– Олардың көбісі жұмыспен қамтамасыз етілмеген. Қазіргі уақытта жәрмеңкелер ұйымдастырып, оларды жұмысқа тұрғызу шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы