380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда адвокаттық қызмет және заң көмегі талқыланды

  • 215
Түркістанда адвокаттық қызмет және заң көмегі талқыланды

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Оңтүстік өңірдегі көне қалалардың бірі Түркістанда болып, кәсіби заң көмегінің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында ел тұрғындары білікті заң көмегін қаншалықты ұтымды пайдаланып жүргендігі талқыланды. Комитет төрағасы Нұрлан Әбдіров «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның жергілікті жерлерде жүзеге асырылу деңгейін анықтау қажеттігін тілге тиек етті. Әрі заңның олқы тұстары болса пысықтап, одан әрі жетілдіру керектігін айтты.  Жалпы халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету бойынша жыл бойы арнайы мониторинг жүргізілген. Отырыста осы мониторингтің қорытындысы жарияланып, ашық пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Оның барлығы алдағы парламенттік іс-шараларда есепке алынатын болады.

Нұрлан Әбдіров, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы:

– Желтоқсан айының 25-жұлдызында Парламент Мәжілісінің қабырғасында үкіметтік сағат болады. Сол үкіметтік сағатта әділет министрі негізгі баяндама жасайды. Мысалы, бүгінгі қарап отырған жеке сот орындаушылардың қызметін жетілдіру мәселесі үлкен көлемде, Мәжіліс палатасының жиналып талқылайтын үлкен іс-шарасы болады. Мынау соған бір саты дайындық.

 

 

Хабар 24 телеарнасы