376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жасөспірімдер арасында қылмыс деңгейі төмендеген

  • 216
  • UPD: 15:33, 06.12.2019
Елімізде жасөспірімдер арасында қылмыс деңгейі төмендеген

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс деңгейі жыл сайын шамамен 6% төмендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігі өкілі хабарлады. Оның айтуынша, соңғы алты жылда жасөспірімдер қатысуымен болатын қылмыс айтарлықтай азайған. Ресми деректерге сай, кәмелетке толмағандар арасында кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 58%, ал қарақшылық 17% төмендеген. Дегенмен, жыл сайын құқық қорғау органдарына 100 мыңға тарта жасөспірім түседі. Олардың жартысына жуығы түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз түрлі үй-жайларда жүргені үшін ұсталса, мыңға жуығы көңіл көтеретін орындарда ұсталады. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейін төмендету үшін мамандар жасөспірімдерге бос уақытын тиімді пайдалануды үйретуге шақырады.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті ювеналдық полиция бөлімінің бастығы:

– Жыл сайын мың ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылады. Бұл екіжақты мәселе. Бір жағынан, баланы қорғау мақсатында оны отбасынан айырып балалар үйіне тапсырамыз. Ал ата-аналар қоғамдық нормаларға қайшы өмір сүруін жалғастырады. Екінші жағынан, бала өз отбасымен қалғанда ата-анасы тарапынан зорлық көрген жағдайлар да кездесті. Мұның негізгі себебі ішімдікті шектен тыс пайдаланып, табыстың болмауынан.

Хабар 24 телеарнасы