376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде адам құқықтарын қорғау саласында 170-тен астам халықаралық келісімшарт жасалған

  • 189
  • UPD: 15:34, 06.12.2019
Елімізде адам құқықтарын қорғау саласында 170-тен астам халықаралық келісімшарт жасалған

Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласында 170-тен астам халықаралық келісімшартты бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде негізгі тоғыз бағыт бар. Сондықтан еліміздегі сот жүйесінің атқаратын қызметі конституция мен заңға ғана емес, сондай-ақ, халықаралық талаптарға да сәйкес болуы керек. Бүгін осы маңызды тақырып елордадағы алғашқы Еуразиялық форумда талқыға түсті. Сот төрелігі академиясы ұйытқы болған жиынға адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Жоғарғы сот судьялары, құқық мәселесімен айналысатын ғалымдар және әділет министрлігінің өкілдері қатысты. «Адам құқығы қашан да маңызды. Өркениетке қадам басқан сайын азаматтық қоғам талаптарын орындауы қажет. Кез келген күрделі істі құқықтық кеңістікте шешуге ұмтылу керек», – дейді сарапшылар. Себебі бұл өркениеттің белгісі, әрі адам болашағына деген сенімді қадам. Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына жеке тұлғаның ғана емес мемлекет билігінің де тікелей қатысы бар. «Құқықтық қарым-қатынас жасау үшін бұл мәселе жиі талқыға түскені дұрыс. Өйткені адамның құқығы әрқашан қорғалуы керек. Мемлекет оған мүдделі болуы тиіс», –  дейді мамандар.

Тастемір Әбішев, адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі:

– Әлемде адам құқығын қорғау сот арқылы қорғау ең тиімді механизм болып табылады. Бұрынғы сот жүйесіне қарағанда, бес-он жиырма жыл бұрынғы қазір біздің елде ақтау үкімдері көбейіп жатыр. Сот жүйесі халықаралық нормаларға, халықаралық стандарттарға сәйкес келуі үшін біздің судьялар қазір біздің ұлттық заңнамамен қатар, ҚР бекіткен, ратификациялаған халықаралық келісімшарт нормаларын сот төрелігін іске асыру кезінде бірдей қолданады. Бұрын өте аз болған, не мүлде болмаған.

Хабар 24 телеарнасы