427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Инспектордан қашқан браконьерлер өз Land Cruiser көлігін өртеп жіберді

  • 693
  • UPD: 16:20, 06.12.2019
Инспектордан қашқан браконьерлер өз Land Cruiser көлігін өртеп жіберді Охотзоопром

Ақтөбе облысында киікті заңсыз атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

5 желтоқсанда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе аймақтық филиалының инспекторлары Ақтөбе облысы Шалқар ауданының аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін байқап қалған. Олар заңсыз аң аулағандарын жасыру үшін аталған автокөлікті өртеп жіберген. «Күдікті ретінде Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды», - деп хабарлады комитеттен.

Оның атап өтуінше, күдіктілер киікті заңсыз аулаумен айналысып жүргенін мойындаған. Көлік салонында атып алынған екі киіктің тұтас еті, 12 калибрлі екі мылтық, пышақ, канистрдегі бензин, шамамен 50 оқ-дәрі болған.

«Қазіргі уақытта Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеріп жатыр. Аталған факті Ақтөбе облыстық полиция департаменті Шалқар аудандық полиция бөлімінде 5 желтоқсан күні тіркелген», - деді Сәкен Ділдахмет.

Хабар 24 телеарнасы