425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкері пара алу күдігіне ілікті

  • 1057
  • UPD: 17:10, 06.12.2019
Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкері пара алу күдігіне ілікті

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол азаматтан көп баласы барларға берілетін жәрдемақы аудару үшін 22 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы