380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында дәрілік шөптерді өңдеу зауыты ашылады

  • 206
  • UPD: 18:08, 06.12.2019
Алматы облысында дәрілік шөптерді өңдеу зауыты ашылады

Алматы облысында дәрілік шөптерді өңдеу зауыты ашылатыны туралы Германияда «Azia Gold» ЖШС құрылыс жобасының бастамашысы Ерлан Қожасбай мен Martin Bauer Gmbh & Co.KG неміс компаниясының жетекшісі Мартин Ведель өткізген кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлады ИИДМ.

Жаңа жобаның жалпы құны 5 млн еуроны құрайды. Сондай-ақ 55 жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

Өндірістік қуаттың болжамды көлемі бірінші кезеңде 250 тонна қайта өңделген өнімді құраса, екінші кезеңде 750 тоннаны құрайды. Жалпы, кәсіпорынның ашылуы 2021 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

Қазақстандық кәсіпорын неміс компаниясымен осы бағытта 25 жыл бойы бірге жұмыс істеуде. Өнімнің 90%-ы Ресей, Германия және АҚШ елдеріне экспортталады. Өсірілетін өнімнің негізгі түрлеріне тоқталсақ, түймедақ, жалбыз, фенхель, итмұрын, тары, сафлор, бидай және арпа.

Martin Bauer Gmbh & Co.KG компаниясының негізі 1930 жылы қаланған. Қазіргі уақытта компанияның Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Америка, Ресей, Азия, Африка және Австралия елдерінде 20-дан астам сауда және өндірістік алаңдары бар. Әлем бойынша 2500 қызметкер тіркелген. Неміс компаниясының жыл сайынғы сатылымдары 500 миллион еуродан асып жығылады. Компания қызметі дәрілік шөптерді қайта өңдеуге, өлшеп-орауға және тұтынушыға дейін өткізуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы