375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел аумағындағы 300-ден астам жол бойындағы дәретхана жаңартылады

  • 173
  • UPD: 22:03, 06.12.2019

23 миллион теңгенің туалеті. Әлеуметтік желіде жарқ етіп, көпшілік арасында қызу талқыға түскен әжетханалар енді еліміздің барлық аймағында салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аслан Қаженов, тілші:

- Алдағы үш жылда осындай 300-ден аса санитарлы-гигиеналық торап бой көтереді деп жоспарланған. Тіпті оған қатысты арнайы бағдарлама да қабылданған.

«Нұр-Сұлтан – Щучинск» автобаны. Жол бойында қызмет көрсетуге қатысты кез келген бастама ең алдымен осы жерде сынақтан өтеді. Дәл осылай бірер жыл бұрын заманауи дәретханалар да салынған болатын. Жылы, жайлы және соңғы технологияларға негізделіп жасалған. Құны 20 миллион теңгеге жуықтайды. Оның ішінде дәретханадан басқа демалыс орны, тамақтану бөлмесі және нұсқаушы белгілерінің бағасы да кіреді. Бастама өз тиімділігін дәлелдеген соң оны жаппай салу жөнінде шешім қабылданған.

Ерлан Рысбеков, «Қазавтожол» АҚ ақылы автожолдар дирекциясы директорының орынбасары:

Жол бойынша 11 павильон сервисі бар. Осындай Qazway және ескі үлгілері бар. Осы жылдың басында тағы екі павилон сервисі орнатылады Нұр-сұлтан-Щучинск жолында. Бәрі жеткілікті болады.

Аслан Қаженов, тілші:

- Айтпақшы, бұл дәретханаларды қолдану тегін. «Егер ол үшін ақы алынған жағдайлар анықталып жатса, жалға алған кәсіпкер жауапқа тартылады», - деді мамандар. Ал, мынау жол бойына салынатын дәретханалардың жаңа үлгісі. Құны алдыңғысымен шамалас. Заманауи технологияға негізделген және сырттай өте жинақы көрінеді.

Бірақ бұнда су ақпайды және әжетхана толық қолданысқа берілмеген. Сондықтан жол бойында қатты қысылғандарға сол баяғы жабайы әдіске жүгінуге тура келеді.

Дәретхана инвестициялық пилоттық жоба аясында жүзеге асқан. «Сәйкесінше, бюджетке ешқандай салмақ салмайды», - дейді басы-қасында жүргендер.

Жаңа туалеттердің жағдайы түсінікті. Бірақ сөздің шыны керек, ел аумағында барлық жерде бұндай жайлы орындар кездеспейді. Көбіне мынадай ескі не мынадай қарапайым үлгілері ғана. Қолда бар мәліметтер бойынша республикалық маңызы бар тас жолдарда 880 әжетхана кездеседі. Ал, енді оның барлығын жайлы да жаңа үлгіге ауыстыру мүмкін бе? Жоқ па? Ол жағы белгісіз. Бірақ мамандар алғашқы қадамдарды бастадық деп отыр.

Арнайы бағдарлама бойынша 2022 жылдың соңына дейін ел аумағындағы 300-ден аса дәретхана жаңартылуы тиіс.

Рашид Рафиков, «Қазавтожол» АҚ жол бойындағы қызметтерді дамыту бойынша басшысы:

- Стандарт бойынша әр 50 шақырым сайын бір дәретханадан болу керек. Олардың жолдағы елді мекендерге барынша жақын орналасқаны абзал. Өйткені су мен жарық өткізіледі. Күнделікті күтімі тағы бар. Міне, осындай бағыт жағдайларды ескеріп, арнайы байқаулар ұйымдастырамыз. Инвесторларға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын.

Дәретханалар жаңарту – заман талабы. Бұған қоса, туризм саласын дамытудағы өзіндік рөлі бар. Сондықтан санитарлы-гигиеналық тораптар құрылысына ерекше басымдық беріліп отыр.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы