376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жол апатынан зардап шеккен 4 мұнайшының халі тым нашар

  • 191
  • UPD: 22:18, 06.12.2019
Қызылорда облысында жол апатынан зардап шеккен 4 мұнайшының халі тым нашар

Құмкөл – Қызылорда тасжолы бойында болған көлік апаты салдарынан жансақтау бөліміне түскен 8 мұнайшының екеуі жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер қазір жағдайы ауыр 6 науқастың өмірін сақтап қалудың барлық шараларын жасап жатыр. Медицина мамандарының айтуынша, 4 адамның халі тым нашар.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсан күні «Кеңлік» кенішінен Қызылордаға бет алған вахталық автобус аударылып, 8 жолаушы көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың отбасына 1 миллион теңгеден өтемақы төленетін болды.

Хабар 24 телеарнасы