432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда курсанттар уланған әскери институтта тексеріс басталды

  • 595
  • UPD: 22:22, 06.12.2019
Петропавлда курсанттар уланған әскери институтта тексеріс басталды

Петропавлдағы әскери институт курсанттарының улануына байланысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарашаның соңында бірден 50-ден астам сарбаздың жүрегі айнып, дәрігерге қаралған. Олардың кейбіреуі қалалық ауруханаға түсті. Осыған байланысты оқу ордасындағы су мен тамақтың сынамасы алынды. Бірақ қатардағы жауынгерлердің неден ұшынғаны анықталмады. Қазіргі таңда курсанттар жазылды. Ал, институтта тексеріс басталды.

Савердин Имиров, ҚР ҰҰ ӘИ бастығының орынбасары:

Тағы 361 курсант тексерілді. Бактериялық зерттеу қорытындысы олардың ұшынбағанын көрсетті. Сол күні қатардағы жауынгерлер демалысқа шығып келген. Сонда бірдеңе жеуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы