429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында сотты болған 587 адам қайта қылмыстық әрекетке барған

  • 547
  • UPD: 22:35, 06.12.2019
Қарағанды облысында сотты болған 587 адам қайта қылмыстық әрекетке барған

Полиция департаментінің мәліметінше, Қарағанды облысында 2019 жылы бұрын сотты болған 587 адам қайтадан қылмыстық әрекетке барып, абақтыға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пробация қызметінің мамандары бұл мәліметті растап отыр. Қазір аймақта 22 пробациялық аумақтық қызмет жұмыс істейді. Олар істі болған азаматтарды есепке алады және оңалту, қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту жағын ұйымдастырады. Қазір пробация қызметкерлері бұрын сотты болған 5 мыңға жуық адаммен жұмыс істеп жатыр. Мамандардың мәліметінше, қайталанатын қылмыстардың қатарында ұрлық фактілері көп кездеседі. Бұл орташа дәрежедегі қылмыс болып саналады. Бұл санаттағы азаматтар қатаң бақылауда болады, дегенмен, сот үкімімен жүктелген ережені бұзған жағдайда ескертулер жасалады. «Егер ескертулер бірнеше рет тіркелсе, олардың бас бостандығынан қайта айырылуы мүмкін», - дейді мамандар.

Әсем Әлібаева, ҚАЖД пробация қызметі бөлімінің бас маманы:

- Сот үкімі шыққан кезде сотталғанға белгілі жауапты жүктейді. ҚР ҚК 44-бабы бойынша, яғни бос уақытында мекенжайын тастамау немесе сағат 22.00 ден таңғы 06:00-ге дейін үйінен кетпеу сынды. Неге бұл сағаттар қойылған? Себебі, осы уақыттарда қайта қылмыс жасау сандары сатистика бойынша көп болғандықтан қойылады.

 

Хабар 24 телеарнасы