422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жазасын өтегендердің қайта қылмыс жасауы азайған

  • 455
  • UPD: 22:48, 06.12.2019
Алматы облысында жазасын өтегендердің қайта қылмыс жасауы азайған

Алматы облысында жазасын өтеп шыққандардың қылмыс жасау көрсеткіші азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, былтыр 100-ден аса адам заң бұзғаны үшін қайта қамалса, биыл бұл сан 73-ке төмендеді. Яғни, 14%-ке кеміген. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бұған бақылаудың күшейтілуі себеп деп отыр. Тәртіп сақшылары осыған дейін түзету мекемесінен шартты түрде босағандарды айына бір рет тексеретін. Қазір олардың үйіне кем дегенде екі рет барып қайтады. Өзімен және туыстарымен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осындай қадағалаудың нәтижесінде сот жүктеген міндеттерді орындамаған 114 адам анықталды. Сот шешімімен олардың жазасы ауырлатылып, түрмеге қайтарылды. Жаза басқандардың түзу жолға түсуіне әлеуметтік көмектің де ықпалы бар.

Рашид Ержігітов, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бөлім бастығы:

- 791 адамды жұмысқа орналастырдық. Бұдан басқа жергілікті әкімдіктермен 109 азаматқа бір айлық есептік көрсеткішпен 4 млн теңгеден астам қаражаттық көмек көрсетілді. Және де «Атамекен» палатасы арқылы 3 адам оқытылып, 505 мың теңге қайтарымсыз кредит берілді. Сонымен қатар 18 азамат кәсіптік оқу оқып, бүгінгі күнде жұмысқа орналасты.

Хабар 24 телеарнасы